Nova City тұрғын үй кешенінің кезекті ашық есік күні


Мамыр айының 20 жұлдызында Nova City тұрғын үй кешенінің болашақ тұрғындарымен 4,5,6 кезектерде ашық есік күні өтті. OTAU Development Group қызметкерлері тұрғындарға бұл тұрғын үй кешеннің ерекшеліктерін, сонымен қатар жобасын қалай өзгертуге болатындығын түсіндіріп, олардың мазалаған барлық сұрақтарына толықтай жауап берді.

Өз кезегінде, пәтерлерінің құрылыс барысымен танысқан болашақ тұрғындар да риза болып, жоба командасына сәттілік тіледі. img_9828-min

OTAU Development Group клиенті, Төлен Берік: "Nova City-ді таңдап, қателеспегініме көзім жетіп отыр. Тұрғын үй кешенін уақытында беретіні қуантады. OTAU Development Group қызметкерлеріне алғыс білдіріп, ұжымына толағай табыстар мен сәттілік тілеймін.

img_9881-min

Өз пәтерлерінің құрылысын бақылаған тұрғындар да өз пікірлерімен бөлісті, солардың бірі Шамшибану Шакарова: "Тұрғын үйдің артықшылықтары өте көп. Орналасқан аймағы, сәулет бейнесі, құрылысшылардың атқарып жатқан жұмыстары, барлығы да көңілімнен шықты. Өз пәтерімнің бүгін алғаш табалдырығын аттадым. Енді кілтін қолыма алып, қоныстойымды жасайтын күнді асыға күтемін.» Иә, барлық болашақ тұрғындар да бұл қуанышты сәтті күтуде. Учаске басшысы Ринат Манарбекұлының айтуынша, 2017 жылдың шілде айында 1 және 2 кезектердің берілуі жоспарланған, ал құрылыс өткен жылдың 27-маусымында басталған болатын.

img_9927-min

Nova City тұрғын үй кешені - бұл Астананың перспективалық ауданында орналасқан тұрғын үй кешені. Үйдің терезесінен Нұра-Есіл арнасы, осы ауданның дамуына мықты серпін беретін EXPO 2017 дүниежүзілік көрмесі өтетін аймақтың панорамасы көрінеді. Nova City-дің басты артықшылықтары- қолжетімділік, жоғары сапа және құрылыс мерзімдерінің сақталуы. Сонымен қатар кешен аумағына жақын мектептер мен балабақшалар тұрғызылатын болады.

img_9798-min

Клиенттеріміздің арасында Павлодар қаласынан көшіп келіп жатқан тұрғындар баршылық, солардың бірі Бақытжамал Қанашевна: « Мен Астанаға Павлодар қаласынан көшіп келдім. Nova City тұрғын үй кешенінің кезектері сатылымының басталғанын естіп, таңдауымды бірден жасадым. Қолжетімді, сапалы баспанам болатынына өте қуаныштымын» Cіздің де Nova City тұрғын үй кешенінің бақытты тұрғыны болуға мүмкіндігіңіз бар. Толық ақпарат алу үшін: 340-340 нөміріне қоңырау шалыңыз.

img_9785-min img_9778-min img_9774-min img_9745-min img_9716-min img_9735-min img_9738-min

© Otau Development Group, 2017